Коллекциялық/сирек сағаттар

Сағат – жай ғана мәртебеліліктің көрсеткіші емес, бұл нағыз өнер заты. Бағалаушылар сағаттарды жинауға бар ынтасымен шындап кіріседі, ал өте сирек үлгілерді іздестіруге жылдарын сарп етеді. Коллекциялық сағаттар әлемінен 9 факт келтіреміз.

Ай фазаларының индикаторы – заманауи сағаттардың механизмінде аса сирек емес. Бірақ Rolex өзінің бар тарихында ай фазаларының индикаторы кіріктірілген сағаттардың бар жоғы екі үлгісін ғана шығарды. Бұл Rolex Stelline сағаттарының құны $1 миллионға бағаланады.
Көп жағдайда сағаттар асыл тастардың болуы мен олардың санымен емес, жаңа атқарымымен, сирек материалымен немесе циферблатындағы бір жол мәтінімен құнды. Мысалы, 1963 жылы Rolex жапон нарығына арнап Space-Dweller белгісі қойылған Explorer сағаттарының лимиттелген коллекциясын шығарды. Бір қарағанда болмашы көрінген бөлшек үлгінің құнын сегіз есе өсірді.
Ең сирек сағаттар Important Watches (“Маңызды сағаттар”) сауда-саттықтары кезінде Sotheby’s аукцион үйінде жұрт бәсекесіне салынып, сатылып кетеді. Сағат аукциондары кезекпен үш қалада: Нью-Йоркте, Женевада және Гонконгте өтеді. Аса құнды үлгілердің бағалары миллиондаған долларлардан асады.
Әлемдегі ең қымбат сағаттар рейтингісіндегі екінші орынды $5 миллионға Бейонсе сатып алған Hublot гауhар сағаттары иеленеді.
Заманауи сағат индустриясында Hublot басқармасының төрағасы, LVMH сағат бөлімшесінің президенті және Tag Heuer бас директоры Жан-Клод Биверден басқаны аты барынша аңызға айналған деу қиын. Тап осы кісінің жетекшілігімен мануфактура тарихта алғаш рет алтын мен каучуктен, ашық қызыл керамикадан, көмір талшығы мен бірегей Magic алтын қорытпасынан жасап шығарды. Ал осы жылы компания рекордтық қор жүрісі 50-күндік Hublot MP-05 LaFerrari сағаттарының революциялық үлгісін шығарды. Сол себепті Hublot коллекционерлері арасында инновациялық және техникалық жетілдірілген сағаттардың өндірушісі ретінде танымал болды.
Ешқашан сатылымға қойылмаған сағат – жалғыз данада шығарылған, әлемдегі ең кішкентай калибрлі, Jaeger-LeCoultre 101 үлгісі. Тап осы сағатты II Елизавета патшайым 1953 жылы өзінің тәж кигізу жорасында таққан.
Сирек винтажды үлгілер ең бағалы сағаттар болып саналады. Бірақ кезекке жаңа сағаттарға да тұрады. Мысалы, 2016 жылы Baselworld ұсынылған Rolex Cosmoghraph Daytona сағаттарына ұзындығы екіден бес жылға дейін созылған бірден кезек құрылды.
Барлық бейнелерде, оның ішінде аукцион каталогтарында, сағаттарда бірдей уақыт: 10:10 немесе 11:05 көрсетілген. Маркетологтар бұл уақытты “бақытты” деп есептейді, себебі бұл қалпында сағаттың тілдері күлімсіреу мен V (Victory) белгісін еске салады. Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда, бұған осы қалыпта тілдердің циферблатта бейнелеп көрсетілген көрсеткіштер мен атқарымдарды жаппайтыны себепші.
Ең бағалы және қымбат сағаттар әдетте өздерінің жасалынған кезінен бастап, ондаған жылдар өткен соң ғана сатылымға түседі. Мысалы, Rolex Reference 4113 Split Second Chronograph сағаты 40-шы жылдары шектелген таралыммен 12 данада шығарылып, сол заманның алдыңғы қатардағы спорт жарысушыларына, мысалы, әйгілі Bugatti автомобилі брендінің негізін қалаушы Этторе Бугаттиге сыйлыққа берілді. Осы уақытқа дейін коллекцияның 8 данасы ғана жетті. Phillips аукцион үйінің сағат департаментінің директоры Пол Бутре айтқандай, мұндай сағаттарды сатып алу – жалғыз мүйзді атты көргенмен бірдей.